Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі таңда Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 21,9 шақырым 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Республика даңғылы бойында асфальт төселіп, жаяу жүргінші, веложол және арық, құбыр өткізу жұмыстары атқарылуда. Жауапты мердігер – «Корпорация Береке-А» ЖШС.

Сонымен қатар, 2021 жылы бірқатар көшелерде орташа жөндеу жұмыстары қолға алынған. Рысқұлов («Шымкент Дор Строй» ЖШС), Момышұлы («Омар-Транс» ЖШС), Тәшенов («Серік Бизнес Құрылыс» ЖШС) көшесінде орташа жөндеу жұмыстары іске асырылуда. Бұдан бөлек Иляев, Шаяхметов, Ақназар хан, Клара Цеткин магистралды көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта Бәйтереков көшесінде «Профиленд» ЖШС тарапынан аяқжол және веложолақ салу жұмыстары атқарылуда, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте алты айда 77 миллион дана жұмыртқа өндірілді

admin

Шымкенттің полицейлері шетелде жеті жылдан астам жасырынып келген алаяқты ұстады

admin

Шымкент: Басқарма басшылары есеп беруде

admin