Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

А.НАЙМАНТАЙ, әртіс: Мақтанудың да орны болу керек шығар…

Ұлттық мақтаныштары­мыз­дың бірі – ұлттық киім. Соның қазір небір түрі, оны киіп, елге көрсететін модельдердің де небір сойқандары пайда болды. Алғашында палуан денелі жігіттер шынымен мақтан болды. “Міне, қазақтың жігіттері қандай!” деп кеуде қақтық. Суретке түсіп, мақтандық. Оларды шет елден келгендер баратын жерге таситын болдық, тіпті әлем аралаттық.
Енді солар клоун болып бара­ды. Бір кішігірім презентация, рес­торанның ашылуы, сауда орталығының жарнамасы, Алпамыстай батырла­рымыз қол­дарына най­за, қылыш асынып бал­­мұздақ күзетіп, той­ларда қалың­дық күзетіп, сүндетке отырғызған бала­ны көтеріп жүр. Мақтанудың да орны болу керек шығар…
Күндердің күнінде сол батыр киімді алпауыттар шашлық сатып тұрса таңқалмайтын жағдайға жетерміз бүйте берсек…

Abai.kz

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттегі 144 көшеге шағал тас төселді

admin

ТҮРКІСТАНДА «SARYAGASH OPEN – 2018» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

admin

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin