Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Әл-Фараби ауданында ағаш суғару жұмыстары қарқын алды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының басты көшелерінде жасыл желектерді суғару, оларды қопсыту жұмыстары жалғасуда.

Бүгінде Байтұрсынов, Жангелдин, Қазыбек би, Дулати, Қабанбай батыр, Қазиев көшелері бойындағы талдар суғарылып, судың ұзақ сақталып, толық сіңуі үшін арнайы шұңқырлар (лунка) жасалып жатыр.

Сондай-ақ аптап ыстықта жанға сая болатын дарақтардың қураған бұталарын қырқу жұмыстары да жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Тамыз айында 80-ге жуық отбасы жалдамалы баспанамен қамтылады

admin

Үшінші мегаполистің педагогтық құрамы

admin

Шымкент жастары зияткерлік сабағына қатысты

admin