Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Балалар арасында тұмауға қарсы екпенің маңыздылығы түсіндірілді

Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау ұйымдарында медицина қызметкерлері балаларға Манту сынамасы, БЦЖ (туберкулезге қарсы) және 16 жастағы жасөспірімдер арасында АДС-М (дифтерия, сіреспеге қарсы) екпе жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Шымкент қалалық №6 емхананың дәрігерлері мектеп медбикелері және ата-аналармен жоспарлы екпе қабылдау бойынша кездесулер өткізді.

— Балалар және жасөспірімдер арасында жоспарлы екпені қабылдаудың маңыздылығы бойынша емханаға қарасты жеті мектептің мейіргерлерімен басқосу ұйымдастырдық. Сондай-ақ, №136, 137 жалпы білім беретін мектептерде ата-аналармен кездесіп, балаларға салынатын екпенің қажеттілігін түсіндірдік. 100-ге жуық ата-ана қатысты. Балаларға егілетін екпеге қарсы болып келген ата-аналар түсіндіру жұмысынан кейін өз келісімдерін берді,- дейді емхананың бөлім меңгерушісі Ләззат Құрбанова.

Айта кетейік, түсіндіру жұмысы емханаға қарасты №87,56,52,51,77 мектептерде санитарлық талаптарға байланысты ZOOM платформасы арқылы онлайн өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

90 шақырым топырақ көшелерге тас төсеу жұмыстары жүргізілуде

admin

Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады

admin

СОЗАҚТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА 1 000 АДАМ АТСАЛЫСЫП, 240 ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚОҚЫС ЖИНАЛДЫ

admin