Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныБас мақалаБилік және халық

БИЫЛ «ТҮРКІСТАН-САМАРҚАНД» ӘУЕ МАРШРУТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Биыл «Самарқанд-Түркістан» бағытындағы алғашқы әуе маршруты іске қосылады. Өзбекстандық «Silk Avia» әуе компаниясының ұшағы 28 қазан күні Түркістандағы Халықаралық әуежайға алғашқы рейсін жасауды жоспарлап отыр.

Қос мемлекет арасын жалғайтын бұл бағыттағы ұшақтар 1 сағат 20 минут ұшады. Билет құны 36 мың теңгеден басталатын сапарға silk-avia.com сайты арқылы немесе арнайы қосымшалар мен +998 (55) 501-22-12 нөмірі арқылы тапсырыс беруге болады. Жолаушылар 5 келіден аспайтын қол жүгі мен 20 келі қосымша жүкті ұшақ бортына алып кіре алады.

Айта кетейік, Түркістан әуежайынан халықаралық Ыстамбұл мен Эль-Кувейт бағыттарында және еліміздің Астана, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Ақтөбе мен Орал бағыттарында 6 рейс қатынайды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

БИЫЛ КӨКТЕМДЕ ТҮРКІСТАННЫҢ «ЖАСЫЛ БЕЛДЕУ» АУМАҒЫНА ТАУПІСТЕ ЕГІЛЕДІ

admin

ТҮРКІСТАН: 13 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ ШАҢЫРАҚ КӨТЕРГЕН

admin

ТҮРКІСТАНДА ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ ТАМЫЗ КЕҢЕСІ ӨТТІ

admin