Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша семинар-тренинг өтті

Бүгін Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің бөлім басшысы Ермек Қаңлыбаев «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесіп, Еңбек кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар бойынша семинар-тренинг өткізді.

Кездесу барысында жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша міндеттері, еңбек қатынастары және жалақы мәселесі бойынша түсіндіру-жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, қызметкерлерден еңбек заңнамасы бойынша қойылған сауалдарға тиісті жауап берілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Шығыс жұлдызнамасы: БАРЫС ЖЫЛЫ

admin

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

admin

Өзбекстанның «Темуридтер тарихы» музейі Түркістанда

admin