Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Карантиндік шектеу шараларының сақталуы күшейтілуде

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу, қала аумағында карантиндік шектеу шараларының сақталуын күшейту жөніндегі шаһар әкімінің тапсырмасына сәйкес Қаратау ауданында құрылған мобильді топ аудандағы кәсіпкерлік нысандарын аралап, Шымкент қаласының бас санитариялық дәрігері қаулысының талаптарын қатаң сақтау қажеттігін түсіндірді.

Кезекті мониторинг жұмыстары барысында нысан иелері мен қызметкерлеріне күнделікті санитарлық талаптарды және қаулыда көзделген тапсырмаларды бұлжытпай орындауды тапсырды.

Еске сала кетсек, Қаратау аудан аумағында 1039 кәсіпкерлік нысандар бар.

Қаратау ауданы аумағында 10 мобильді топ құрылып, карантин талаптарын сақтау туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік 2021 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында мобильдік топ жалпы карантин талаптарын сақтамаған 522 нысанды анықтап, тиісті шара қарастыру үшін Қаратау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолдаған болатын, деп хабарлайды qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРЛЕРІ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ

admin

Шымкент: ұлттық халық санағының дайындық кезеңі аяқталды

admin

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

admin