Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Қаратау ауданында газ жүйелері қауіпсіздігі қадағалануда

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Тұран шағынауданындағы «Кәусар» тұрғын үй кешені көп қабатты үйлерінің ішкі және сыртқы газ жүйелері Каратау ауданы әкімі аппараты тарапынан құрылған жұмысшы топпен зерделенді.

Жұмысшы топқа Шымкент қаласының құрылыс басқармасы, «Shymkent» ӘКК, «КазТрансГаз» АҚ өңірлік филиалы және мердігер мекемелер қатысты.

Зерделеу барысында ішкі газ жүйелерінің ақаулары анықталып, акт түзілді. Кемшіліктерді реттеу бойынша мердігер мекемеге тапсырма берілді.

Айта кетейік, Тұран шағынауданы «Кәусар» тұрғын үй кешенінде 12 көп қабатты үй, 880 пәтер бар, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент: магистралды жүйелер бойынша 3 нысанның құрылысы басталды

admin

«TURKISTAN INVEST» 507 МЛРД. ТЕНГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 19 ЖАҢА ІРІ ЖОБАНЫ ҚОЛҒА АЛДЫ

admin

Шымкенттік кітапханада 5 мыңға жуық сирек кітап қоры бар

admin