Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныБас мақалаБилік және халық

ҚАЗЫҒҰРТ ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Қазығұрт шағын ауданындағы №66 жалпы орта білім беретін мектебі қазіргі уақытта күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов  аталған мектептегі құрылыстың жай-күйімен танысты.

Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың мамыр айынан басталған. Іргетасы осыдан отыз жыл бұрын қаланған ғимарат 1260 орынға лайықтап салынған.  Мұнда қазір екі мыңнан аса оқушы білім алуда.  Үш қабатты нысанның күрделі жөндеу жұмыстары қазір 20 пайызға орындалды. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін жүргізіліп, жаңа жыл қарсаңында мектеп ұжымы мен оқушылар игілігіне беріледі деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

admin

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

admin

ШЫМКЕНТ: ЗАЛАЛ КЕЛГЕН НЫСАНДАР АШЫЛА БАСТАДЫ

admin