Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 439 «Алтын алқа» және 1300 «Күміс алқа» иегері бар. Алтын құрсақты аналардың қатары тағы да толықты. Әл-Фараби ауданы әкімі Рашид Мамытұлы ауданның көп балалы аналарымен кездесіп, 3 ананы « Алтын алқа», 12 ананы «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттады.

«Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Әр адамның арманы- баласын биіктен көру. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол. Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін. Отбасыларыңыздың ұйытқысы болып, ақ жаулықты әже атаныңыздар»,-деді Рашид Мамытұлы құттықтау сөзінде.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданында 18 анаға «Алтын алқа» және 72 анаға «Күміс алқа» табысталды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін сахнада – болашақ жұлдыздар

admin

Шымкент қаласының Кәсіподақтары «ikomek»-пен бірге еңбек қатынастарын тәулігіне 24 сағат бақылауда ұстайды

admin

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ

admin