Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

ҚР Денсаулық сақтау министрі Шымкенттегі №3 емхананың жұмысымен танысты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Шымкентке келген қызметтік сапары барысында №3 қалалық емхананың жұмысымен танысты. А.Цой алдымен емдеу мекемесіндегі екпе егу кабинетттерін тексеріп, вакцинациялау жұмыстарының барысын көрді.

№3 қалалық емханада алғашқылардың бірі болып екпе егу кабинеті ашылған еді. Мұнда күніне 500-ден аса адамға коронавирусқа қарсы вакцина салынады.

Сондай-ақ, министр емхана жанынан құралған мобильді бригадалар жұмысымен де танысты. Мобильді топ қызметкерлері емханада тіркелген науқастарға үй жағдайында амбулаториялық медициналық көмек көрсетеді.

Емхананың бас дәрігерімен сұқбаттасқан Алексей Цой науқастарға көрсетілетін қызметтер емхана деңгейінде күшейтілсе, ауруханаға түсетін пациенттер санын азайтуға болатынын айтып, мобильді бригадалар санын көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА САБЫР РАҚЫМОВ ДОДАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖАҢА ЖҮЙЕМЕН ЖАЛАҚЫ АЛАДЫ

admin

ӘЛ ФАРАБИ АУДАНЫНДА 800-ДЕН АСА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ОРТАЛЫҚ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛҒАН

admin