Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Құрылыс қалдықтарын көшеге төккен азаматтарға айыппұл салынады

Шымкент қаласының тазалығын қамтамасыз ету мақсатында Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының мамандары тәртіп сақшыларымен бірлесе қатты қалдықтарды дұрыс шығару бойынша рейд жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отырады. Кезекті тексеру жұмыстары кезінде Қазиев көшесі бойындағы 5 кәсіпкерлік нысанда заңбұзушылықтар анықталды. Аталған көше бойына құрылыстық және тұрмыстық қалдықтарды тастағаны үшін 5 азаматқа ескерту беріліп, хаттама толтырылды.

Жалпы жыл басынан бері Әл-Фараби ауданында ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабына сәйкес 1 715 хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды, деп хабарлайды qazaqjoly.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Барша тұрғындар мен жеке кәсіп иелерін қаламызды таза ұстауға, қоқысты арнайы орынға шығаруға шақырамыз!

Ұқсас жаңалықтар

В Шымкент доставлено 40 тысяч доз вакцины Vero Cell

admin

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТЫЛДЫ

admin

Түркістан облысында астық ору науқаны басталды

admin