Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Мазарат аумағы қоқыстан тазартылуда

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Сәуле шағынауданында орналасқан мұсылман бейітіне тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында бейіт аумағы күл-қоқыстан, шөптерден тазартылып, жан-жағы тырмаланды. Сондай-ақ, ағаштардың қураған, сынған бұталары кесілді.

Жалпы Әл-Фараби ауданы аумағында 5 мазарат бар. Олар Текесу, Ақтас және Ақтас 2 тұрғын алаптарында, 275 орамда және Сәуле шағынауданында орналасқан. Барлық мазараттарды күтіп-ұстау жұмыстарына «Арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС-ы жауапты. Аталған мазараттарда тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Қаланың бет-бейнесі – тазалықта. Қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, айналаны таза ұстауға, үй аулаларында тазалық сақтауға шақырамыз, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 15 МЫҢНАН АСТАМ ЖАС КОЛЛЕДЖГЕ ТЕГІН ОҚУҒА ТҮСТІ

admin

Коммуналдық инфрақұрылым

admin

Шымкенттік полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған аруды құтқарып қалды

admin