Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныБас мақалаБилік және халық

МИРАС ЖӘНЕ ШАПАҒАТ-2 ШАҒЫН АУДАНЫНДА КӘРІЗ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазір қаладағы 81 шағын ауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген. Биылғы жылдың жоспарына сәйкес Мирас және Шапағат-2 шағын ауданында кәріз жүйесін қамту мақсатында жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізілуде.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысан басында болып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Осыған дейін жұмыстардың 80% аяқталған. Құрылыс процесіне 30 жұмысшы, 7 арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, аталған елдімекендерге канализациялық желілерді тарту бағытында 2020 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамалық қорытынды алынған болатын. Кәріз жұмыстарының құрылысына арнайы қаражат 2021-2023 жылдар аралығында бөлінгендіктен, қазір мұнда мердігер мекема тарапынан жұмыстар қарқынды жүруде. Сонымен қатар биыл Тассай, Тұранның ішкі жүйесі, Қайтпас-2, 112-орам, Бозарық шағын аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % -дан 65  % -ға артады.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

«Азия жаңғырығы» халықаралық фестивалінде Түркістан облысының жігіттері топ жарды

admin

«WORLDSKILLS TURKESTAN 2020» ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

admin

«Тұран» шағынауданында 29 кредиттік тұрғын үй пайдалануға беріледі

admin