Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыны

ОҚО-да мақтаралдық шаруалар қауын-қарбыздың алғашқы өнімін Ресейге жөнелтті

   Оңтүстік Қазақстан облысында бақша өнімдерін өндірумен танымал Мақтааралда қауын-қарбыз пісті. Ерте пісетін бақша дақылының түрін еккен шаруалар бүгінде 55 тонна қауын, 45 тонна қарбыз жинап, алғашқы өнімін Ресей мемлекетіне жөнелте бастады.

   Мақтарал ауданында бақша өнімдері былтырғыға қарағанда 10-15 күн ерте пісіп отыр. Биыл ауданда жалпы 19 500 гектарға  қауын, 8 мың гектардан астам жерге қарбыз  егілген.  Оның ішінде ерте егілген бақша дақылдарының көлемі 13200 гектарды құрайды.

   Қарбыздан алғаш боп өнім алған «Әбіш-ата» шаруа қожалығы 20 тонна өнімін сыртқы нарыққа шығарып отыр. Қарбыздың келісін 140 теңгеден босатқан. Аталған қожалық 3 гектар жерге егілген қарбыздың гектарына 30 тоннадан астам өнім алуды жоспарлап отыр.

   Диқаншының жұмысына сәттілік тілей келген аудан әкімі  Жамантай Бейсенбаев «Әбіш-ата» шаруа қожалығынан алғашқы артылып жатқан өнімнің куәсі болды.

   «Мақтарал ауданының негізгі күнкөрісі егіншілік. Сондықтан мақтаралдық диқандар көктемнің әрбір күнін тиімді пайдалануды ойлайды. Екі қабатты пленкаға ерте пісетін қауын-қарбыз, баклажан, балгарский егеді. Бүгін міне, қарбыздың алғашқы өнімі Ресейдің Якутия автономиялық республикасына сатылымға жөнелтілді. Биыл мақтаралдық шаруалардың өнімі өтімді  әрі өнімді болады деген сенім мол», — деді аудан әкімі.

   Айта кетейік, былтыр Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары 1 миллион 300 мың тонна бақша өнімдерін өндірсе, соның 631 мың тоннасы мақтаралдық диқандарға тиесілі болатын. 

                                                                                                                 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласының ақсақалдар алқасы құттықтайды

admin

ШЫМКЕНТТІҢ ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 170 МЛН КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ

admin