Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Серпінді өткен сенбілік

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында тазалық іс-шаралары ұйымдастырылуда.

Бүгін Әл-Фараби ауданындағы Сәуле шағынауданының кіреберісіне және №129 мектептің алдына егілген ағаштардың түптері қопсытылды.

Сенбілік жұмыстары кезінде ағаштарда судың ұзақ сақталып, жақсы сіңуі үшін арнайы шұңқырлар (лунка) жасалды.

Мұндай күтіп-баптау жұмыстары Қонаев пен Бәйдібек би даңғылдарында да жүргізілуде.

Көгалдандыру жұмыстарына Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Build stroi» мекемесінің 70-ке жуық жұмысшысы және 17 арнайы техника жұмылдырылды.

Аталған жұмыстардың тұрақты жүргізілуі аудан әкімінің жіті бақылауында, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

«Шаңырақ» бағыты бойынша тұрғын үйлерді тіркеу жұмыстары жүргізілуде

admin

КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ 12 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІН ӨНДІРДІ

admin

Аялдамалар тазаланды

admin