Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Шымкент қаласындағы барлық білім беру ұйымдары «Ashyq» жобасына қосылды.

Еліміздегі COVID-19 инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында, Шымкент қаласындағы 785 білім беру ұйымдарының педагогтары100% вакциналаудан өтті. 106.0 млн тг-ге санитарлық гигиеналық жабдықтар алынды.

Білім беру ұйымдарында ата-аналар арасында балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында вакциналаудан өту қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты, барлық мемлекеттік білім мекемелеріне бүгінгі таңда «Ashyq» жүйесі арқылы кіріп-шығу жүзеге асырылды. Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің 100%-ы QR-код алды және 1 қыркүйектен бастап «Ashyq» жүйесі бойынша жұмыс істеуге дайын.

Естеріңізге сала кетейік, «Ashyq» мобильді қосымшасын жүктеп алу тиіс, телефон нөмірі арқылы авторизация жасап, ЖСН-ді енгізу керек. Нысанға кіре берісте кіруді тіркеу үшін QR-кодын сканерлеу қажет. Экранда статус көк, жасыл, қызыл немесе сары көрінеді, деп хабарлайды qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

СОЗАҚ ЖӘНЕ БӘЙДІБЕК АУДАНДАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР АЙТЫЛДЫ

admin

Этноауылдағы хас шеберлердің еңбегімен таныс болыңыз

admin

Қазақстан мен Грекия арасындағы туристік байланыс артады

admin