Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныБас мақалаБилік және халық

ШЫМКЕНТ: СОЛТҮСТІК САЯЖАЙ ШАҒЫНАУДАНЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

Биыл қалада табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы  6 нысанда жүргізілуде. Газдандыру жұмыстары Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық шағынаударында атқарылуда.

Бүгінде Солтүстік Саяжай елдімекеніне көгілдір газ берілді. Шағынауданда құрылыс жұмыстары  былтыр сәуір айында басталған болатын. Жалпы абонент саны 6 мыңға жуықтайтын елдімекенде құрылыс толық аяқталып, абоненттеу жұмыстары басталды.

Мегаполис тұрғындарының қолайлы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында биыл Нұртас шағынауданын толық газдандырып, Ынтымақ-2 елдімекенінде газ жүйесінің құрылыс жұмыстарын 2024 жылы аяқтау жоспарлануда. Жыл соңына дейін елдімекендердің табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 94%-дан 96%-ға жететін болады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

admin

ANTIKOR.LIVE: БЮДЖЕТ АШЫҚТЫҒЫ – ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГТІҢ ҚҰРАЛЫ

admin

РЕНАТ БЕКТҰРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

admin