Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныБас мақалаБилік және халық

ШЫМКЕНТТЕ 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ АБОНЕНТ САПАЛЫ ЖАРЫҚҚА ҚОСЫЛДЫ

Қаланың даму жоспарына сәйкес Батыс, Қайнарбұлақ, Нұрсәт елдімекендері ішкі жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінде  50 мыңға жуық адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды.  Жергілікті халықты сапалы электр қуатымен қамту мақсатында биыл 6 нысанның, оның ішінде 5 елді мекенде ішкі жүйелерінің және 1 қосалқы стансаның құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Бүгінде Тұран, Түркістан,  Ақжар шағынаудандарында ішкі электр жүйелерінің құрылысы жалғасуда. Жоба бойынша мердігер мекемелер 153,2 шақырым электр желілері мен 15 электр тарату бекетін, 38 трансформатор, 1 қосалқы станциясын орнатады.

Жалпы, жаңадан іске қосылған электр желілерінің нысандары арқылы кәсіпорындар да қуат көзіне қосылуға мүмкіндік алуда. Бүгінде Ақжар қосалқы станциясы арқылы темірбетон бұйымдарын өндіруге арналған жабдықтарды шығаратын зауыт — «DALA-CONSTRUCTION” ЖШС электр қуатына қосылды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ТАРТЫМДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

admin

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin