Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Шымкентте ағаштарға дәрілеу жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласында көктем мезгілінен бастап қаладағы ағаштарды ауруға қарсы залалсындандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп отырады.

Биылғы «Қара тал» ағашына түсіп жатқан ауруды емдеу мақсатында аудан әкімдіктері, ҚР АШМ АӨ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының, Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы РРМ Шымкент қаласы бойынша филиалы және мердігер мекемелер бірлесе дезинсекциялық дәрілеу шараларын жүргізу үстінде.

Жалпы қалада 125 гектар аумаққа «Имидор», «Омайт», «Энжин» препараттарымен қарағаштарды өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, саябақтар аумағының 28 га жеріне, Абай ауданы 20 га, Әл-Фараби 25 га, Еңбекші ауданы 23 га, Қаратау ауданына 29 гектар жерге қолданылады.

Мұндай жұмыстар қоңыр күзге дейін жалғасады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Егер де, аулаңызда «Қара тал» ағашының ауырып тұрғанын байқасаңыз жергілікті әкімдікке хабарласыңыз,

Әл-Фараби ауданы: 54-58-46

Еңбекші ауданы: 53-27-43

Қаратау ауданы: 77-45-64

Абай ауданы: 53-03-16

Ұқсас жаңалықтар

ҚР-НЫҢ ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ Н.ӘБДІРОВ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

admin

А2 АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ 2-КЕЗЕҢІ 15 ШІЛДЕДЕ АЯҚТАЛАДЫ

admin

Стартовал прием заявок на 500 жилищных сертификатов по программе «Нұрлы жер»

admin