Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Шымкентте сегіз айда инвестиция көлемі 32,5 пайызға артты

Шымкент қаласында осы жылдың қаңтар-тамыз айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 201,1 млрд теңгені құрап, 32,5 пайызға артты. Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен 57,5 млрд. теңге, жеке көздерден 143,6 млрд.теңге инвестиция тартылған.

Өткен жылдың тиісті кезеңінде бұл көрсеткіш 147,9 млрд. теңгені құраса, жекеменшік инвестицияның үлесі 56 пайыз шамасында болатын.

Инвесторлар өнеркәсіп жобаларымен қоса, тұрғын үй құрылысы, ауылшаруашылығы, байланыс, медицина, білім, спорт, көлік қатынасы, тағы басқа экономика секторларына қаржы бағыттауда.

Қалада жыл басынан бері инвестиция құны 12,6 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба «Оңтүстік», «Тассай» индустриалды аймақтары мен Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ашылған. Нәтижесінде жаңадан 200-ден астам жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Әл-Фараби ауданында 1700 кәсіпкерлік нысан «ASHYQ» жүйесіне тіркелген

admin

ОТЫРАР МЕН АРЫСТАҒЫ БІЛІМ НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

admin

ТҮРКІСТАН: ОРТАҚ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕРЛЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

admin