Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Шымкентте жан басына қаржыландыру жобасы аясында 400 бала актерлік шеберлігін үйренеді

Мемлекет басшысы өз Жолдауында балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударды. Осы ретте биыл елімізде 1 мамырдан бастап шығармашылық тапсырыс бойынша жаңа стратегиялық шаралар қабылданды. Яғни, осыған дейін ақылы үйірмелер мен секцияларға барған балалар енді тегін қатыса алады.

Жаңа жүйемен жұмыс жасайтын орталықтардың бірі — ЖК «Паттеев». Осында 400 бала шығармашылық тапсырыс аясында тегін үйірмеге қатысуға мүмкіндік алды. Оның ішінде 200 бала деректі және ойын көркем киносына, ал 200 бала актерлық өнер бойынша үйірмеге қатысады. Үйірме «Шығыс» шағын ауданы 28 үйде орналасқан.

Бұл жобаға қатысу үшін бизнес өкілдері Artsport.edu.kz сайтында өтінім қалдырады. Ал, ата-аналар жүйеге кіріп, керекті орталыққа балаларын жаза алады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚЫТАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН B2B ФОРМАТТА ФОРУМ ӨТТІ

admin

За прошедший отопительный сезон количество отравлений природным газом снизилось в два раза

admin

При появлении первых признаков заболевания обратитесь в поликлинику

admin