Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығында инфекциялық стационар ашылды

Үшінші мегаполистегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсуіне байланысты тағы инфекциялық стационар ашылды.

Қалалық психикалық денсаулық орталығында ашылған стационар 100 орынға лайықталған. Мұнда коронавирирус инфекциясы мен пневмонияның орташа және ауыр түріне шалдыққан науқастар ем алуда.

Инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеу үшін орталықта дәрі қоры мен қажетті медициналық құрылғылар жеткілікті. Сондай-ақ мекемедегі медицина мамандары арнайы оқытудан өтіп, біліктілігін арттырған. Қазір мұнда инфекцияға шалдыққан 19 науқас ем алып жатыр.

Айта кетейік, 2020 жылы қалада эпидемиялогиялық жағда өршіген тұста психикалық денсаулық орталығының мамандары коронавируспен күресте алдыңғы шепте қызмет етті. Емдеу мекемесінде провизорлық орталық ашылып, медицина мамандары қауіпті індетке шалдыққан науқастарды емдеп жазды, деп хабарлайды qazaqjoly.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛҒЫ І ТОҚСАНДА 38,4 МЫҢ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

admin

Шымкенттік кітапханада планетарий залы іске қосылды

admin

ТҮРКІСТАН: 1 ТАМЫЗ БЕН 30 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АТТЫ ДӘСТҮРЛІ АКЦИЯ ӨТЕДІ

admin