Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Шымкенттік кітапханада планетарий залы іске қосылды

Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің астрономия ғылымына арналған «Планетарий залы» іске қосылды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған планетарий бұл жұлдызды аспан, күн, ай және планеталардың кескінін жарты сфералық күмбез түріндегі экранға түсіріп көрсетуге арналған аппарат, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әл-Фарабидің тұжырымдамасында, бұл көктегі қозғалыстарды зерттеуді арифметика мен геометрия арқылы зерттеуге болады. Кітапханада іске қосылған планетарий залында келушілер орындықтарға жайғасып, жоғарыдағы экраннан ғаламшар әлемін тамашалай алады. Бейне көріністер орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі. Алдағы уақытта оны қазақ тіліне тәржімалау жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

«МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ»

admin

«OTBASY FEST» жас отбасыларға серпін берді

admin

САУРАН АУДАНЫ ЖАҢА ҒИМАРАТТАРМЕН ТОЛЫҒЫП ЖАТЫР

admin