Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Шымкенттік оқушы географиядан өткен халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды

Шымкент қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Тазабек Еркебұлан география пәнінен өткен халықаралық олимпиадада (IGEO-2021) күміс медаль жеңіп алды.

Олимпиада Түркияның Ыстанбұл қаласында 10-16 тамыз аралығында онлайн форматта өтті. Зияткерлік жарысқа әлемнің 46 елінен 200 оқушы қатысты.

Олимпиадаға Ақтөбе, Шымкент және Қызылорда қаласынан төрт оқушы, яғни республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары қатысты. Ұлттық құраманы жарысқа тәжірибелі педагогтер мен жаттықтырушылар дайындады. Зияткерлік сайыстың тапсырмаларын жоғары деңгейде орындаған қазақстандық төрт қатысушының үшеуі жүлдегер атанды.

IGEO олимпиадасы үш бөлімнен тұрады: жазбаша тест, мультимедиялық тест және далалық тур, оның форматы географиялық жағынан көптеген ұлттық олимпиадаларға ұқсас. IGEO негізінен қатысушылардың кеңістіктік қатынастары мен процестерді түсінуін, сондай-ақ осы білімді іс жүзінде экономикалық мақсаттарда қолдану қабілетін тексеретін олимпиада, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Осындай шәкірт тәрбиелеген ұстазы Ақбөпе Жаманқұлқызына алғыс білдіреміз!

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭПИЗООТИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

admin

ТҮРКІСТАННАН БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА 200 ТОННАҒА ЖУЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕРУЕНІ ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

admin

АТАКЕНТ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin