Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Шымкенттің құрылыс саласы жаңа деңгейге шығуы тиіс

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық құрылыс басқармасының жарты жылдық есебін тыңдау барысында құрылыс жұмыстарының жұмыс тиімділігін арттыру бағытында жұмыс істейтін тараптардың ара қатынасын да жаңа деңгейге шығару керектігін назарға алды. Мәселен, тапсырыс беруші – құрылыс басқармасы болса, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау және мердігер ұйымдар – сол басқарманың уақытша қызметкерлері. Яғни, ақысын төлеп отырған басқарма, осы ұйымдардан сапалы жұмыс талап етуге құқылы. Бұл ұйымдар өздеріне жұмыс беруші болып табылатын құрылыс басқармасымен кейде ғана төбе көрсетіп емес, күнделікті жүзбе-жүз отырып етене жұмыс істеуі керек деді.

Басқарманың алты айда атқарған жұмыстары жөнінде есеп берген басқарма басшысының міндетін атқарушы Б.Күздеубаевтың айтуынша, құрылыс жұмыстары көлемінің жылдық жоспары 135,6 млрд теңге болып белгіленген. Бірінші жартыжылдықта атқарылған құрылыс көлемі 50,1 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 115,6 пайыз болып отыр.

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 4832 пәтерлі 79 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылыстары басталған. Оның ішінде 1224 пәтерлі 18 тұрғын үй – арендалық баспаналар болса, 3608 пәтерлі 61 үй – тұрғын үй несиесін алғандарға табысталмақ.

Әкімшілік іскерлік орталығында көпқабатты 12 үй биыл пайдалануға берілсе, 9-қабатты сегіз үйдің құрылысы келесі жылы аяқталады. Жаңадан салынған нысандарға инженерлік инфрақұрылым тарту бойынша 15 жобаны іске асыру көзделіп, оның 6 нысаны пайдалануға берілген, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КАНАЛДАР ТАЗАЛАНЫП, ОТБАСЫЛАР КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

admin

ЫНТЫМАҚ ШАҒЫН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

admin

Шымкентте нысана көздеуден Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті

admin