Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Танымал актриса Әсемгүл Ыбыраева есірткі қабылдайтынын мойындады

Қазақстанада танымал актриса әрі модель Әсемгүл Ыбраеваның соты болды. Есірткі тасымалдағаны үшін ұсталған Ыбраева сотта өз кінәсін толық мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Іс материалдарына сүйенсек, Ыбраева биылғы жылдың наурыз айында Астанадан Алматыға ұшпақ болған. Тексеріс барысында бойжеткеннің сөмкесінен шыны мүштік пен жалпы салмағы 4,247 грамм болатын гашиш табылған-ды.

Күдікті сот кезінде өзінің кінәсін толық мойындады. Ол есірткі оралған түйіншекті саябақтан тауып алғанын, оны жеке қолданыс үшін сақтап қалғанын айтты. Актриса келесі күні Алматыға кастингке бармақ болыпты.
Кінәсін мойындап, өкінетінін айтқан актриса өзін бас бостандығынан айырмауды сұраған. Ол қоғамдық жұмысқа тартылуды сұрап, ел алдында айыбын өтеуге дайын екенін жеткізді.

Ақырында сот Әсемгүл Ыбраеваны кінәлі деп танып, 100 сағат көлемінде қоғамдық жұмыспен айналысуға міндеттеді.

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек нарығына бейімделу — заман талабы

admin

Covid-19 дертіне қарсы вакцинациялау, жазатайым жағдайлардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша семинар-кеңес өтті

admin

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында 30 үздік жобаға 3 миллион теңгеден беріледі

admin