Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

«Тәуелсіздікке – 20 жыл» тұрғын алабында 39 көшеге шағал тас төселді

Шымкент қаласының «Тәуелсіздікке – 20 жыл» тұрғын алабында электр нысандарының құрылысы қолға алынған. Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 23,7 шақырым.

Бас мердігер «Алтын Констракшн» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын 2021 жылдың 4-ші тоқсанында аяқтап, нысанды пайдалануға бермек.

Тұрғын алапта ауыз су жүйесі құбырының ұзындығы – 28,3 шақырым. Халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытындағы құрылыс жұмыстары өткен жылы желтоқсанда аяқталған еді.

Бүгінде тұрғын алапта 39 көшеге қиыршық тас төселінді. Көшелердің жалпы ұзындығы 8,9 шақырымды құрайды. Шағал тас төсеу жұмыстары толығымен аяқталған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Туристік полиция бір айда 1000-ға жуық азаматқа қызмет көрсетті

admin

Биыл ашылған мектептер циклі: «TM and ART educational school»

admin

Школы Шымкента строят в современном стиле

admin