Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Тұрғындар мәселелерін шешу

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және мемлекеттік мекемелердің қызметінде кедергісіз орта құру, сондай-ақ фронт-офистерді енгізу мақсатында Абай ауданы әкімінің аппаратында «Open Ѕрасе», «Ашық әкімдік» форматында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
«Open Ѕрасе» форматындағы «Ашық әкімдік» кеңсесіне арнайы 2 қызметкер бекітіліп, тұрғындарға кедергісіз кіріп шығуға қолайлы орта жасалып, электронды қолтаңба, анықтамалар алуға және т.б. қызметтер көрсетуде.
Жыл басынан бері «Ашық әкімдік» кеңсесіндегі өзіне өзі қызмет көрсету бұрышынан 437 аудан тұрғынына 1311 электронды мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
Тұрғындардың мәселелерін дер кезінде шешу бойынша «Ашық әкімдік» кеңсесінде өзім және орынбасарларым жыл басынан бері жалпы 17 рет жеке қабылдау өткізіп, 40 азамат қабылдауда болды. Аталған 40 азаматтың өтініштерінің 23-і толық қанағаттандырылды, 19-на түсіндірмелер берілді, 1 өтініш құзырлы мекемге жолданды, қалған 7 өтініш бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Халықтың қала өміріне етене жақын араласуы біздің де жұмысымызды жеңілдетеді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ КЕЛЕСТЕГІ КӨПІР МЕН СУ НЫСАНЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

admin

Шымкенттік кітапханада 5 мыңға жуық сирек кітап қоры бар

admin

Оңтүстiкте дiн мен дәстүр қашан да үйлесiм тапқан

admin