Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыРуханиятСпорт

Түркістан: Сарыағашта ұлттық спорт күнінде 150 шабандоз қатысқан көкпар ойыны өтті

Сарыағаш ауданына қарасты Қызылжар атшабарында ұлттық спортты ұлықтау мақсатында 2001 жылғы ауыл жастарының демеушілігімен ат спортының жаппай көкпар түрінен жастар арасында ұлттық ойын болып өтті. Көкпарға 150-ге жуық шабандоз қатысып,шеберліктерін көрсетті.
Ұлттық ойынды ұйымдастырудағы басты мақсат – бағзы заманнан бері бабамыздан баламызға мирас болып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымызды жастар арасында кеңінен насихаттау, салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын дәріптеу, туған елге, жерге, өз Отанына деген жастардың сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ТЕРРОРИЗМ – ДІНГЕ ЖАТ ҰҒЫМ

admin

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК ТҮЛЕКТЕР КӨПБАЛАЛЫ АНАҒА ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

admin

Газды тұрмыста пайдалану кезіндегі қауіпсіздік

admin