Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныБилік және халық

ТҮРКІСТАНДА «SARAP» ЭКСПЕРТТЕР КЛУБЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Түркістанда «SARAP» эксперттер клубының аймақтық жиыны өтті. Кездесуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Іс-шараға Түркістан облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, атом энергиясы мен экология саласының кәсіби мамандары, жастар және азаматтық қоғам, партия өкілдері қатысты. Жиында Жолдауда айтылған мемлекеттік шешімдер қабылдаудағы азаматтардың белсенділігі және жаңа қоғамдық-саяси мәдениет, экологиялық тәуекел мен қауіпсіздік, атом электр стансасын салу туралы жалпыұлттық референдум жайын талқылап, өзара пікір алмасты. Кездесуге қатысқан көпшілік АЭС салу тақырыбына ерекше назар аударды. Шараға арнайы келген ҚР ЭМ Ядролық физика институтының Бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаев аталған станцияның салынуы — ел ертеңі үшін аса маңызды қадам екенін айтып, референдумға үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

admin

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ -ЖӘРДЕМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

admin

Тараздағы болған жарылыстан екі адам қаза тапты

admin