Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысыАқпараттар ағыныҚоғамРуханият

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕРГЕ РАХАТ СЫЙЛАЙТЫН ОРТАЛЫҚ

 

Шымкент қаласында Белсенді ұзақ өмір орталығы бар. Аталған орталық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарайды. Орталыққа күнде қаладағы зейнеткерлер келіп, бильярд ойнап, кітап оқып кетеді. Өйткені онда бильярд үстелі,  кітапхана бар. Әрі массаж кабинеті,  музыкалық орталық, физкабинет, фитошай бөлмесі,  қолөнер бөлмелері жұмыс істейді. Зейнеткерлер массажды тегін жасатып,  физкабинеттегі қызметтерді тегін көріп,  тегін фитошай ішеді. Ал музыкалық терапия бөлмесінде зейнеткерлерге қалаған аспаптарда ойнауға мүмкіндік берілген.

Аталмыш орталық басшысы Мауия Алданазарова көптеген қалалардағы орталықта мұндағыдай көп нәрсенің жоқтығын айтты. Тіпті зейнеткерлер тегін жолдамамен шипажайға барғанның өзінде кейбір демалыс орындарында физкабинет,  массаж, дәрігер қызметтерін ақылы түрде алатынына тоқталған болатын.  Ал мұнда терапия мен невропатология дәрігері зейнеткерлердің денсаулығына тегін көңіл бөлетінін естідік.

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ

Ұқсас жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗШЫЛЫҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ БІРІНШІ БАСШЫЛАРҒА ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

admin

Əшірбек Сығайды еске алу кеші өтті

admin

Бiзде бюджет қаржысына жанашырлық жоқ па?

admin