Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Жалын елдімекенін электрмен жабдықтау құрылыс жұмыстарының 85 %-ы аяқталды

Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Жалын елдімекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта мердігер мекеме «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС тарапынан 550 электр бағаналары орнатылып, құрылыс жұмыстарының 85 %-ы аяқталды.

Құрылыс жұмыстарын толығымен 2021 жылдың қазан айында аяқтау жоспарда. Жоба бойынша ұзындығы 25 шақырым электр желілері тартылып, 700 бағана орнатылады.

Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен әр үйге жеке есеп шот ашып, электр қуатына қосу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде, Жалын елдімекеніндегі 1290 отбасы сапалы электр қуатымен қамтылатын болады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 4 ЖЫЛДА 2,2 ТРЛН. ТЕҢГЕНІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

На 144 улицах Шымкента проложен щебень

admin