Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Жоғары санаттағы қоймалар құрылысы өндірісінің жобасы таныстырылды

Шымкентте қала әкімінің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында жаңа жобалар ұсынылған болатын.

Кезекті жиында «ЮжСтройСервис» ЖШС жоғары санатты қоймалар құрылысы жобасын таныстырды. А санатында қоймалар өндірісінің қуаттылығы – 10 мың шаршы метрге дейін.

Жоба құны – 1 100 млн теңге. Жер телімінің аумағы – 2,5 га. Инвесторлар жобаны 2022 жылы жүзеге асыруды жоспарлауда. Жоба бойынша 60 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылады.

Штаб отырысында инвесторлар өндіріс үшін жер телімі қажет екенін мәлімдеді. Кәсіпкерлерге сауда-логистикалық орталық аумағынан жер телімі ұсынылды.

Шаһарда сауда-логистикалық, өндірістің түрлі бағыттары жан-жақты дамып келеді. Бұл ретте өндіріс үшін қажетті дайын қоймалар салудың маңызы зор, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫНДА  ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРЕДІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

admin

Әскерге шақырудың алғашқы айында облыстан 400-ге жуық жас әскер аттанды

admin