Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Аймақ тынысы

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында 672 көпқабатты тұрғын үй болса, оның 615-і жылу қабылдайтын көпқабатты тұрғын үй ретінде тіркелген.

Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев Отырар және Спорт шағын аудандарын аралап, «Қуатжылуорталық-3» мамандарымен бірлесе жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады. Бүгінде 143 көпқабатты тұрғын үй жылыту маусымына дайын.

Әл-Фараби әкімдігі мамандары тарапынан үй басқарушыларына қысымдау, сығымдау жұмыстарын жүргізу қажеттігі ескертілуде. Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің келбетін, тазалығын және жылуын сақтау мақсатында кіреберіс алаңдардың есік-терезелерін бүтіндеу, істен шыққан құбырларды ауыстыру бойынша үй тұрғындарына түсіндірме жұмыстары да қатар жүргізілуде, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған qazaqjoly.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Тұран шағынауданында балалар ойын алаңшасының құрылысы басталады

admin

А.ҚАЛЫБЕКОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ОТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin