СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен облыс көлемінде «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубының мүшелері тұғырлы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, сыбайлас жемқорлықты жою мәселелері бойынша жобаларын қорғады.

Байқауға облысқа қарасты 38 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері белсене қатысып, қоғам індетіне айналған сыбайластықты жою бойынша өздерінің үздік деп таныған жобаларын ортаға салды.

Бұл шара өз кезегінде пара алу, пара беру, делдалдық ету сынды құқықбұзушылық әрекеттердің мемлекетіміздің бәсекелестік қабілетін бәсеңдетуге, ел дамуын тежеуге әкеп соғатынын терең түсінуге және Отанның рухы биік парасатты ел азаматтары болып қалыптасуларына оң ықпалын тигізеді.

Әділқазы мүшелері Түркістан қалалық әйелдер алқасының төрағасы Ұлжан Мұстафаева, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Алима Хайдарова, облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Оспан Жүсіпов әділ төрелік етіп, байқау жеңімпаздарына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы атынан диплом мен Алғыс хаттарды табыстады.

Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы эссе, әңгіме, өлең жанрлары бойынша шығармашылық қабілеттерін ортаға салып, поэзия және жазба әдебиетіне негізделген туындыларын көрермен назарына ұсынды.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыс аумағы бойынша 3000-ға жуық ерікті мүшесі бар 64-тан аса студенттік клубтар жұмыс жасауда. Клуб мүшелерінің әрқайсысы білім берудегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің болуы еліміздің ертеңіне, ұлттық қауіпсіздігіне зардабын тигізетінін жақсы түсінеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.