Атырау тұрғыны колбасаның ішінен темір бөлшегін тауып алды
Естімеген елде көп! Атырау тұрғыны Анна Волкова «Краковская» колбасасының ішінен темір бөлшектері шыққанын хабарлады. «Бір күн бұрын сатып алып, таңғы асқа жегім келген, бірақ осындай темір шықты», дейді шошынған Анна. Сонымен қатар, колбаса құстың етінен Ресейде жасалынған көрінеді. Анна «Краковская» колбасасының ет комбинатына электрондық хабарлама арқылы темірдің суреті мен өзінің ойын жазатынын айтқан болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының денсаулықты сақтау министрлігі ресейлік және белоруссиялық колбаса, ет өнімдерін қолданбауға және олардан сальмонелла ауруының шығып жатқанын хабарлады.
Бұл жағдай халықтың ашуын келтірді, ашуландырмағанда қайтсін? Желі қолданушыларының көпшілігі дәл осы колбасаны сатып алып, ішінен қоқыс пакеттері және темір секілді түрлі нәрселерді тауып алғандығын жарыса жазды. Табылған темірдің жүзі өткір, тіпті байқамасаң, бір жеріңді жаралауың әбден мүмкін ғой. Осындай қатерлі аурудың тарағанына қарамастан, бұл өнімдерді шекарадан өткізіп, халыққа тұтынуға неге беріледі? Мұндай сұмдықтар қашанға дейін жалғасады? Тоқтау салу үшін міндетті түрде біреу жапа шегуі керек пе?