116 шеге жұтқан
Үндістандық дәрігерлер Раджастхандағы Бунди қалашығының тұрғыны Бхола Шанкарудың асқазанынан 116 шегені алып шықты. Олар ұзындығы 6,5 сантиметрлік шегелердің науқастың ішкі мүшелерін шұрық-тесік етпегенімен қоймай, мүлде зақым келтірмегеніне таң.
43 жастағы науқас жергілікті емханаға іші ауырып барған. Оған тез арада ота жасаған дәрігерлер науқастың асқазаны мен ішегінен шегеден басқа да темір заттарды, соның ішінде сымдарды да алып шыққан. Науқастың өзі бұл заттарды қашан, қалай жегенін білмейтін болып шықты.