2 МЫҢ ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

Биыл Түркістан облысында 2 мың шақырымға жуық жол жөнделді. Оған бюджеттен 49 жарым млрд.теңге жұмсалған. Құрылыс-жөндеу жұмыстары 741 нысанда жүргізілген. Бүгінде соның 464 –сы пайдалануға берілді. Оның 368 шақырымы жергілікті жолдар. Олардың жай-күйі облыстық басқарма мен Ұлттық сапа орталығының тұрақты бақылауында болды. Осылайша «жақсы және қанағаттанарлық» жағдайдағы автожолдардың үлесі 87%-дан 92%-ға жақындады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.