2024 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 18 КӨШЕ АСФАЛЬТТАНАДЫ

Шымкент қаласында жол жөндеу қарқын алған. 2021 жылы  қалада ұзындығы 189,7 шақырым жол пайдалануға берілсе, биыл 182 жобаның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуде баяндады.

Биылғы жобалардың 20-ы қайта құру, 3 күрделі жөндеу және 159 көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Сонымен бірге,  122,7 шақырым жолға шағал тас төселіп, 178 жаңа аялдама орнатылады.

Ал, Әл-Фараби ауданының III, IV, V секторына қарайтын 7 көшеге биыл асфальт төселеді. Олар: А.Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесіне дейін, Ғ.Иляев көшесінің кіре берісі, Ш.Қалдаяқов көшесінен «Хадиша» бала-бақшасына дейін, Красноярский, Бекетті көшесі және «МЖК» шағын ауданындағы  В.Терешкова тұйығы мен Застенная көшелері.

2023 жылы С.Лазо, І.Есемберлин, М.Балакирев жәнге Дех Кан көшелеріне асфальт төсеу үшін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс берілген.

Аудандағы С.Тұрысов көшесінің 1-4 тұйығы, Бостандық көшесінің 1-9 тұйығы,  Әйтеке би, Амангелді, Ирек, Қазақстан және Милицейский көшелерін асфальттау үшін тиісті басқарманың 2024 жылғы жұмыс жоспарына енгізілген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.