600 шеге жұтып қойған
Үндістандық оташылар бір науқастың асқазанынан 600-ден астам шеге алды. Ота барысында дәрігерлер магниттің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. Бір тәулікке созылған ота сәтті аяқталды.
Журналистерге сұхбат берген хирург Сиддхартха Бисвастың айтуынша, науқастың асқазаны 2 сантиметрлік шегелерге толы болған. «Оның психикалық ауытқуы болғандықтан, не жеп, не қойғанын өзі де білмейді. Ешқайсымыз да оның асқазанынан мұншалықты көп шеге шығады дегенді ойға да алып көрмеппіз», — дейді науқастың туысы.
Бір ай бұрын іші қатты ауырып, ауруханаға жеткізілген науқасқа жасалған ультрадыбыстық диагностика оның асқазанында қатты заттар бар екенін анықтаған. Дәрігерлердің айтуынша, қазір науқастың жағдайы жақсы.