А.АЙТАЛЫ: «Бай адам – адал, адал адам бай болмайды»

Саясатта хамелеондар бар екендігіне халықтың тағы да көзі жетті. Ұлтымыздың, аналарының тағдырына байланысты осындай екіжүзділік, екі ұстаным орын алды. Қытай философы Лао Цзы айтқандай, «бай адам – адал, адал адам бай болмайды». Қазір кейбір лауазымды адамдарды мақтау сондай деңгейге жетті. Олар «Енді мені қашан мақтайды?» деп күтетін сияқты. Мақтаса, «неге аз мақтады» дейтінге жеттік. Қарап отырсақ, мақтап сөйлеу салт-жоралғыға айналған. Облысқа, ауданға, әр сала бойынша саралауға жоқпыз. Ал мақтауда алдымызға жан салмаймыз. Біз болашақта жалған күрескерлерден арылу үшін алдымен өтірік мақтау, мадақтау салтынан арылғанымыз жөн. Өтірік мақтап алып, сырт айнала даттау – қоғамның ең жанды жарасы. Болашақта ұрпақтарымыздың келешегі бұлыңғыр болмасын десек, қоғамдағы халық десе, аузынан сөзі түспейтін, айтарынан жаңылмайтын азаматтар ұлт мәселесін қозғаудан жалықпауы керек.

qamshy.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.