Н.ӘБДІҒАНИҰЛЫ, журналист: Осынша байлығы бар мемлекеттiң…
Осынша байлығы бар мемлекеттің баспанасыз босып жүрген көп балалы аналары Ақорданың алдында Президенттен үй сұрап жүр. Мемлекеттің билігі жағдайы жоқ отбасыларға 21 мың теңгені жетістіріп бере алмай, тауық санап жүр. Осыншама бай мемлекеттің 5 миллионға жуық адамы банкке қарыз болса, 1 миллионға жуық адамы қарызын төлей алмай қашып жүр.
Осыншама бай мемлекетте үйсіздер көп.Осынша байлығы бар мемлекетте кедейлер көп.
Парадокс па? Парадокс.
Ал біздің анау 162 олигархымыз ел байлығын бөлісе жеп, бүйірі ісіп жүр, әне.
Abai.kz