Ықылас ОЖАЙ, ақын: Қазіргі мақтаудың ұшы-қиыры жоқ
Бізде қазір үш ғасырдай ірілерді ұсақтайтын, ұлттың танымын сұйылтатын жүйе орнықты. Орнығып қана қоймай, оның табиғаты қалыптасты. Тіпті жеке адамнан Құдай жасау сияқты сұмдық мінездер қанымызға сіңе бастады. Сөйтіп біз қазір «жақсы менен жаманды айыра алмай» қалдық. Мақтау мен сынның белгілі бір шегі, шекарасы, тиянағы болу керек еді. Бүгінгі мақтауымыз жағымпаздықпен жалғасып жатыр. Ал сынның ар жағында қаскөйлік бұғып жатыр. Даттағанда біреуді жер қылып, тұралатып тастау басым. Біз әлі күнге бояуы қою осы екі ұғымнан шыға алмай отырмыз. Бұрын мақтаудың өзі адамның деңгейіне, тақылетіне, болмысына сай айтылатын. Ал қазіргі мақтаудың ұшы-қиыры жоқ. түбі осы мақтаудан ештеңені көзіміз көрмей, үлкен опық жейміз. Осыған қатты қынжыламын мен…
«ҚӘ»