Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Орнықты ой, орынды сөз

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, ақын: Ал, біз қашан ойланамыз осы?!

Осыдан біраз уақыт бұрын «Аргументы и факты» апталығы академик Сергей Капицаның «Ресей ақымақтар еліне айналып барады…”» атты дабылды мақаласын жариялады. Орыстардың небары 35-ақ пайызы кітап оқымаса, қазір қазақтардың 99 пайызы оның бетін де ашпайды!

Кітап оқымайтын елдің екі көзі – теледидарда… Онда күнде – шоу, Байжанбаевтар жоқ, оның орнында Қоянбаевтар отыр! Қоғамды ішек-қарын “патшалығы” басып алды… Мәдениетті комерцияға басыбайлы құл қылудың соңы сорға айналып барады! “Мемлекет  – деп жазады академик – өзінің күш-қуатын ақшамен немесе әскери күшпен еселей алмайды. Мемлекеттің мерейін мәдениет пен әдебиет қана тасытады! Мәдениет пен әдебиеттің даму деңгейі – ұлттық қауіпсіздіктің басты өлшемі осы” -дейді орыс оқымыстысы.

Орыстар – ой үстінде. Ал, біз қашан ойланамыз осы?!

Alashainasy.kz

Ұқсас жаңалықтар

Д.НАЗАРБАЕВА, Сенат спикері: Тауар өндірушілер шағымданып жатыр

admin

Д.ИСАБЕКОВ: Ал шетке шығып қарасаң, ондай емес секiлдi

admin

ШАХАНОВ, қоғам қайраткері: …кемпiр-шалдарға дейiн қол соғып отырады

admin