БАЙ МЕН КЕДЕЙ

Бір қалада ең бай деген отбасы мен ең кедей деген отбасы көрші тұрады. Алла оларды сынамақ болып кедей кейпіндегі періштені жібереді. Періште алдымен кедейдің үйіне келіп:

– Мен жолаушы едім, көмектесіңізші,-деп алақанын жаяды. Кедей екі күміс ақшаны беріп жатып:

– Рас айтам, егер менде болса, көбірек берер едім, бұл соңғы ақшам, -деп ақталады.

– Сен маған көмектестің, рахмет. Алла разы болсын, -деп періште байдың үйіне беттейді. Байдан ақша сұрағанда ол:

– Осы тіленшілерден-ақ құтыла алмай қойдық қой, келеді де тұрады, келеді де тұрады,-деп айғайлап жатқанда әйелі:

– Сұрағанын берсеңші. Сонда Алла байлығымызды арттыра түседі,-деп ақыл  айтады.

Бай бір уыс алтынды беріп тұрып:

– Ей, кедей, мә, ал! Бұл қалада саған мұнша алтынды менен басқа ешкім бермейді!-дейді.

Сонда періште:

– Мақтангершілік пен көкіректік сауапты жояды. Егер адамға көмектессеңіз, ол туралы жар салудың қажеті жоқ және шын пейілмен көмектесіңіз. Есіңізде болсын, біреуге берген немесе алған ақшаңыз сізге емес, Аллаға тиесілі,-дейді де кете барады.

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.