Мифология

Адам баласы өз табиғатында тек тәндік қана емес, сонымен қатар руханилықтың бар екендігін ерте ұғынса керек және ол осы ұғымын мифологиялық тұрғыда бейнелеген. Мысалы, Өгізхан, Шыңғысхан туралы аңыздарда олар күн сәулесінен жаралған делінеді. Бұл аңыздарда хан қызы күн сәулесі түскеннен кейін жүкті болып, ұл туады. Аталған аңыздарда ел билеуші хандардың құдайлық табиғатын, яғни билігін заңды деп тану мағынасында қолдану кейінгі кездерде қалыптасқан, ал олардың бастапқы мәні адамның руханилығын, трансценденттігін негіздеу болып табылады.
Көк аспанды, жұлдыздарды, күн нұрын — жан тұрағы деп қарастыру оларды құдіреттендіруге жол ашады. Дамудың белгілі бір сатысында адам болмыс пен сананың, тән мен рухтың аражігін ажыратады және соңғысын жоғарғы әлеммен байланыстырады.
Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік сенім мен шаманизм айрықша орын алады. Тәңірді зерттеушілердің тұжырымында еуроазиялық көшпелі шаруашылық – мәдени типтің қажеттіліктеріне икемді сенім жүйесі ретінде бейнеленеді, яғни ол көшпелілердің шындықтағы болмыс тәсілінен, дүние түйсінуінен туындаған.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.