Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Билік және халықСаясат

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі тағайындалды

Мұрат Жұманбай Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды  Baq.kz  тілшісіне сілтеме  жасаған  Kazgazeta.kz.

 Ресми өкіл министрліктің, оның комитеттерінің және министрлік жанындағы Қоғамдық кеңестің қызметі туралы халықты ақпараттандыруға белсенді атсалысатын болады.

М.Жұманбай бес жылдан астам уақыт ҚР Сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі агенттіктің (қаржы полициясы) баспасөз орталығын басқарды. Екі жылдай Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі бола тұра, палатаның баспасөз қызметін басқарды.

Бұдан бөлек, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қоғаммен байланыс басқармасының жетекшісі болған. Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

ӘЛ-ФАРАБИ МЕН ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ САНЫ БОЙЫНША КӨШ БАСЫНДА

admin

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

Шымкент: Күйеуі өз әйелінің ұялы телефоны мен ноутбугын ұрлап кетті

admin