Қазақстан жолы — Республикалық қоғамдық-саяси, әлеуметтік және танымдық-ақпараттық басылым
Бас мақалаОрнықты ой, орынды сөзСаясат

Елбасы режиссер Ақан Сатаевпен кездесті

Елбасы режиссер Ақан Сатаевпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі режиссермен отандық киноның қазіргі ахуалы туралы әңгімелесті.

Қазақстан Президенті қазақ ұлтының қалыптасуы, тәуелсіз республикамыздың жаңа елордасының салынуы туралы тақырыптар жаңа кинотуындылар түсіру үшін маңызды екенін атап өтті.

Елбасы тарихи сәттерді түсіруге қатысты көзқарасын білдіріп, отандық кинематографияның келешектегі дамуы туралы ойларын ортаға салды.

А.Сатаев Мемлекет басшысына өзінің кино саласындағы жұмыс жоспарлары жөнінде айтты.

Елбасы кездесу соңында режиссерге шығармашылық жетістік пен табыс тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтеді

admin

ТҮРКІСТАНДА ТАҒЫ БІР «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

admin

AMANAT ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ ДАУЫС БЕРДІ

admin