ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ — БАҚЫЛАУДА

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық аппарат жиналысында бюджет қаражатының игерілу барысы айтылды. Жергілікті бюджеттің тиімді орындалуы мен мемлекеттік активтердің мақсатты жұмсалуы облыс басшысының жіті бақылауында. Осы орайда отырыста бірқатар аудан әкімдері мен басқарма басшылары облыс әкімінің қатаң сынына ұшырады.

«Бюджет қаржысын мақсатты игеру — басты назарда. Аталған қаржыларды Үкіметтен бөлдіру үшін қаншама уақыт пен күш жұмсалады. Ал Сіздер келіп тұрған қаржыны игере алмайсыздар. Ондай аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының себебін — сылтау деп түсінем», деді Өмірзақ Естайұлы.

11 айдың қорытындысымен бюджеттен бөлінген қаржыны өз мерзімінде әрі сапалы игермеген жағдайда, жауаптыларға тәртіптік шара қолданылады.

Жиналыста көтерілген Түркістанды көгалдандыру турасында атқарылып жатқан жұмыстар да облыс әкімінің көңілінен толық шыға қоймады. 32 секторға бөлінген шаһардағы ағаш отырғызу, күл-қоқыстан тазарту шараларын қатаң бақылайтынын қадап айтқан аймақ басшысы, тиісті сала басшыларына баса мән беруді қажет ететін тұстарды атап, нақты тапсырмалар беріп мен міндеттер жүктеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.